Инвесторлар мен бизнесті қорғау жөніндегі Жобалық офис экономикалық дипломатиясына ықпал етеді

АСТАНА, 2018 жылғы 11 шілде - Қазақстандық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрған «Protecting Business and Investments» жобалық офисі қызметінің алғашқы нәтижелерімен таныстыру өтті. Құрылым Агенттік, Инвестициялар және даму министрлігі және ҚР СІМ арасындағы үш жақты меморандумға сәйкес инвестициялық тартымдылықты арттыру және жемқорлықпен кездескен жағдайларда инвесторларға жәрдем көрсету мақсатында құрылды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек шетелдік инвесторларды қорғау, Жобалық офистің қызметі, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар маңызды мәселелерді жариялады.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саясатты «экономизациялау» жөніндегі бірқатар міндеттер қойғанын атап өтті, «экономикалық дипломатияны» ілгерілетіп, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға үнемі тұрақты түрде жәрдемдесу бойынша ведомствоның қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.

Тәуелсіздік жылдары қазақстандық елшіліктер бастамасымен өнеркәсіп, құрылыс, машина жасау, көлік, энергетика және басқа салаларда бірқатар ірі жобалар іске қосылған.

СІМ шетелдік инвесторлармен тиімді экономикалық ынтымақтастыққа ықпал ететін шет елдерде қолайлы инвестициялық ахуалды насихаттау бойынша белсенді жұмыс атқарады. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы жобалық офис пен Инвесторларға қызмет көрсету орталығының қызметін құптап, олардың іс-әрекеттеріне жан-жақты қолдау көрсетуге СІМ-нің дайын екенін атап өтті.

Жобалық офистің жұмысы шет елдерде «бірінші байланыстық тұлға» және шетелдік бизнес қоғамдастығымен «байланыстырушы» ретіндегі маңызды рөл атқаратын қазақстандық дипломаттар үшін көмек береді.

Қосылған : 12.07.2018, 12:05, Өзгертілген : 12.07.2018, 12:05