Филиппиндер Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV-ші кеңесіне қатысады

2019 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің арнайы өкілі ретінде Филиппиндер Парламенті Өкілдер палатасының спикері Алан Питер Каэтаномен кездесті.

Кездесу барысында Елші А.Каэтаноны Филиппиндер Өкілдер палатасының спикері ретінде тағайындалуымен құттықтап, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасы Нурлан Нығматулиннің ү.ж. 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесіне шақыру хатының түпнұсқасын тапсырды.

А.Каэтано IV кеңеске шақырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс білдіріп, Форумға Филиппиндер делегациясының қатысуын растады.

Елші сұхбаттасын елдегі соңғы саяси және экономикалық өзгерістер туралы және Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы хабардар етті. Қазақстандық дипломат Филиппиндер біздің еліміз үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әріптестердің бірі болып табылатынын атап айтты.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық өзара әрекеттесуді дамытуға және нығайтуға дайын екенін білдірді.

Қосылған : 9.09.2019, 21:10, Өзгертілген : 9.09.2019, 21:15