Қабылда Қазақстанда өтетін президент сайлауына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды

КАБЫЛ, 2019 жылғы 16 мамыр - Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілісі елімізде өткізілетін президенттік сайлауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға 40 астам саяси, ғылыми, сарапшы топтарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Ауғанстанға жәрдем көрсету бойынша БҰҰ миссиясының қызметкерлері қатысты. Соның ішінде, осы дөңгелек үстелге Ауғанстан Президентінің аға кеңесшілері А.Аюби, З.Амархель және Н.Мисдак, Жоғарғы білім вице-министрі А.Махжур, Қабыл провинциясының провинциялық кеңесінің басшысы А.Хашими, Бейбітшілік бойынша жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары С.Наим, АИР СІМ дипломатия академиясының директоры М.Спигар, Парламент депутаты К.Сафи және басқалар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Елші Әліхан Есенгелдиев қатысушыларға қазақстандық халық толық қолдап отырған президенттік сайлауды өткізу жөніндегі шешім сындарлы және көреген қадам екендігін жеткізді. Қазақстан сыртқы саясаттағы сабақтастығын сақтап, соның ішінде Ауғанстан бағытында және АИР дамыту мен қалпына келтіру ісінде қолғабысын көрсетуді жалғастырады. Бұдан басқа, сайлау үдерісінің негізгі ережелері мен ұйымдастыру рәсімін түсіндіріп, қысқаша Қазақстанның Президенттігіне үміткерлердің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырып өтті.

Президенттік сайлау тақырыбына іс-шара қатысушылары қызығушылықтарын танытып, пікірталасқа белсенді қатысты. Сондай-ақ, өздерінің сауалдарын жолдап, бағалары мен пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушыларға Ифтар ұйымдастырылды.

Қосылған : 17.05.2019, 16:07, Өзгертілген : 17.05.2019, 16:07