Қазақстан Республикасының экономикалық дипломатиясы

Шетелдік инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету

Қазақстан экономикасының басым салаларына шетелдік инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартуға, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың экспортқа бағытталған өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдесу ҚР сыртқы экономикалық саясатының өзекті элементі және сауда-экономикалық дипломатияның негізін қалаушы басымдықтарының бірі болып табылады.

Шет елдердегі мекемелердің басшылары тұрақты түрде шетелдік бизнес-қауымдастықпен тікелей диалог жүргізеді, жүйелі түрде шетелдік компаниялар басшыларымен кездесулер мен келіссөздер өткізеді, дөңгелек үстелдер, бизнес-форумдар, көрмелер мен таныстырылымдар, іскер топтар делегацияларының сапарларын ұйымдастырады.

ҚР СІМ тарапынан тікелей жәрдем көрсетуімен мемлекетте және шет елдерде жыл сайын сауда-экономикалық және инвестициялық тақырыпта жүздеген іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ шетелдік іскер топтардың Қазақстанға сапарлары мен қазақстандық экономикалық делегациялардың шет елдерге сапарлары ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындау үшін шетелдік мекемелер, инвестициялар, экономика және сауда, жөніндегі кеңесшілер, ДСҰ, сауда өкілдіктері, фронт-кеңселер, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі құрметті консулдарын қоса алғанда, Министрліктің және шет елдердегі еліміздің барлық қол жетімді ресурстары іске қосылған.

Министрлік Инвестициялар және даму министрлігімен қазақстандық өнімдерді экспорттауды ілгерілету бойынша өзара іс-қимылды нығайту, Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне шетелдік инвестицияларды тарту және 2017-2021 жылдарға сауда-саттықты дамыту бойынша өзара іс-қимылды нығайту, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен – Қазақстандық қорғаныс өнімдерінің экспорты мен инвестицияларды тарту бойынша өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылған.

Сыртқы саяси ведомствоның қызметіндегі маңызды басымдықтардың бірі шет елдердегі қазақстандық бизнестің құқықтарын қорғау және қолдау жөніндегі мәселелер болып табылады.

Тек 2017 жылы ғана СІМ бірқатар қазақстандық компаниялардың экспортты ілгерілету немесе инвестицияларды тарту туралы өтініштерінің бірқатар тізімін пысықтады. Олардың ішінде «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Қазарнаулыэкспорт» РМК, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ, «ЗКМК» АҚ, «Молочные истории» ЖШС және басқаларды атап өтуге болады.

ҚР тарихында алғаш рет Вьетнамға 720 тонна бидайды «Қазақстан - Ляньюньган (ҚХР) - Вьетнам» жаңа көлік дәлізі бойынша тасымалдауды айқын мысал ретінде айтуға болады. Бұл жеткізілім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «KTZ Express» АҚ «Ляньюньган қ. Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Осы бидайды сатып алған вьетнамдық компания біздің өнімнің сапасын тексеруге ниетті және оң нәтиже болған жағдайда қазақстандық бидайды сатып алу көлемін ұлғайтуға дайын.

Мемлекет басшылары сапарларының

қорытындылары бойынша уағдаластықтар

Мемлекет басшысы экономикалық дипломатияны дамытуға өзі ерекше көңіл бөледі. Іс жүзінде шетелге жасалған барлық ресми сапарлар мен шетелдік мемлекеттер басшыларының Қазақстанға сапарлары шетелдік бизнес-қауымдастықпен жеке кездесулерді көздейді және нәтижесінде коммерциялық келісімдер жасалады.

Мысалы, 2016 жылы Мемлекет басшысының Иранға сапары (сәуір) барысында жалпы сомасы 1,4 млрд. АҚШ доллары болатын 48 келісімге, Түркияға сапарында (сәуір) – 520 миллион доллар сомасындағы 20 құжатқа, Сауд Арабиясына сапарында (қазан) – 200 миллион доллар сомасындағы 10 келісімге, Жапонияға сапарында (қараша) – 1,2 миллиард доллар сомасындағы 13 құжатқа, Оңтүстік Кореяға сапары кезінде (қараша) – 640 миллион доллар құрайтын 24 келісімшартқа қол қойылды.

Мемлекет басшысының 2017 жылғы Әзербайжан, Өзбекстан, Беларусь және басқа елдерге сапарлары барысында 1 млрд. АҚШ долларынан астам инвестициялық және сауда келісімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар, 2017 жылы шет мемлекеттер басшыларының Қазақстанға жасаған сапарлары барысында көптеген коммерциялық келісімдер жасасылды. Мысалы, ГФР-дың Федералды Президенті Ф.В.Штайнмайердің (маусым) сапары аясында жалпы сомасы 1 млрд. доллар болатын 21 келісімге, Түркия Президенті Р.-Т.Эрдоғанның (қыркүйек) сапары барысында 590 млн. АҚШ доллары сомасындағы 9 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

ҚР СІМ Мемлекет басшысының шет елдерге жасаған сапарлары және шет мемлекеттер басшыларының Қазақстанға жасаған сапарларына барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу мониторингі бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Трансұлттық корпорациялармен бірлескен инвестициялық жобалар туралы келісімдерге ерекше назар аударылады.

ҚР өңірлеріндегі халықаралық инвестициялық және бизнес форумдар

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ облыс әкімдіктеріне ҚР өңірлерінің экономикалық әлеуетін таныстыруға және шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған халықаралық инвестициялық форумдарды ұйымдастыруға жәрдемдеседі. СІМ қолдауымен 2017 жылы өңірлік бизнес-форумдар аясында сомасы шамамен 5 млрд. АҚШ долларына тең 50-ден астам құжатқа қол қойылды («Aktobe Invest 2017» - 209 млрд. теңге болатын 11 меморандумға; «Almaty Invest 2017» - 15 млн. долл. сомасындағы келісімшарттарға; «Қостанай Инвест 2017» - 200 млрд. теңге болатын 26 құжатқа, «Atyrau Invest 2017» - 3,3 млрд. долл. болатын 9 меморандумға қол қойылды).

Инвестициялық бағыттағы диалог платформаларының қызметі

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңесінің жұмыстарына СІМ тұрақты негізде белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.

2016 жылдан бастап Қазақстанда аккредиттелген шет елдік елшіліктердің, бизнес қауымдастықтардың қатысуымен Дипломатиялық бизнес-клубы жұмыс істейді.

«Kazakh Invest» АҚ инвестициялар жөніндегі кеңесшілері мен фронт-кеңселері

Сыртқы деңгейде инвестицияларды тарту бойынша жұмысты күшейту мақсатында инвестициялық басым 10 жетекші елде (Германия, Франция, Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Италия, Иран, Үндістан) ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар жөніндегі кеңесшілерін тағайындау және инвесторлармен мақсатты жұмыс істеу үшін («Каzаkh Invest» АҚ-ның 2017 ж. 28 ақпанына дейін «Kazakh Invest» АҚ, 2017 ж. 1 наурыздан бастап - «Каzаkh Invest» ҰК» АҚ) «фронт-кеңселерін» бірқатар елдерде ашу туралы шешім іске асырылуда.

СІМ сауда-инвестициялық бағытқа қатысты жұмыс барысында ҚР ИДМ, «Kazakh Invest» АҚ сияқты басқа да мүдделі мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялармен өзара тығыз іс-қимыл жасайтынын атап өту қажет.

Үкіметаралық комиссиялар және Іскерлік кеңестер

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР СІМ екіжақты үкіметаралық комиссиялардың (ҮАК) (барлығы 120) және іскерлік кеңестердің (24) шет мемлекеттермен қарым-қатынас тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. ҮАК-тер инвестициялық және экспорттық міндеттерді шешуде айтарлықтай әлеуетке ие.

Қосылған : 3.07.2014, 22:49, Өзгертілген : 26.04.2018, 11:20