Чили Сыртқы істер істер министрлігінің делегациясы Нұр-Сұлтанға сапармен келеді

САНТЬЯГО, 2019 жылғы 19-20 тамыз – Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 26 жыл толуына орай Қазақстанның Бразилиядағы елшісі және Чилидегі елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Саржанов Сантьягоға жұмыс сапары барысында Чили Сыртқы істер министрлігі Бас хатшысының міндетін атқарушы, елші Андрес Барбэ Гонсалеспен және Чили СІМ-інің Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастығы департаментінің директоры, елші Клаудио Рохаспен кездесті. 

Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Чили арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында сімаралық саяси консультациялардың кезекті раундын өткізу, сондай-ақ құрметті консулдар институтын нығайту секілді екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.

Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 19 тамызда тиісті хаттамаға қол қою арқылы орнатылды. Ынтымақтастық жылдары аясында Қазақстан мен Чили сенімгерлік саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды үдемелі дамыту үстінде. Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Тынық мұхиты альянсы және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда, көпжақты байланыстар да артып келе жатыр. Атап айтқанда, ЭЫДҰ стандарттарын еліміздің экономикалық дағдысына енгізу үшін Қазақстан Чилидің осы Ұйыммен өзара әрекеттесу тәжірибесін белсенді түрде зерттеп жатыр. Осы жылдың шілдесінен бастап сауда блогында төрағалық ететін Чилимен қоса Тынық мұхиты альянсына мүше елдердің қолдауының арқасында Қазақстан осы оңтүстік амеркиалық ұйымның бақылаушы елі мәртебесіне ие болды. Бұл жайт тараптардың ұлттық және аймақтық деңгейде де өзара тиімді серіктестікті дамытуға айнымастығын растап отыр. Осы орайда айта кетерлігі, ЕАЭО шеңберінде Чили Латын Америкасы елдері арасында бірінші болып, 2015 жылы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қосылған : 20.08.2019, 15:15, Өзгертілген : 20.08.2019, 15:15