Индонезия делегациясы Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың өңірлік отырысына қатысады

2019 жылғы 21 тамызда Қазақстанның Елшісі Данияр Сарекенов Индонезия Республикасы Конституциялық сотының Бас хатшысы Гунтур Хамзамен кездесті.

Кездесу барысында Елші 2019 жылы 17-18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың өңірлік отырысына өз қатысуын растағаны үшін индонезиялық тарапқа ризашылық білдірді. Алдағы сапар барысында Қазақстанның Конституциялық кеңесі екіжақты ынтымақтастық пен мамандандырылған ұйымдар мен форумдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау мақсатында Индонезияның Конституциялық сотының делегациясын қабылдауға дайын екендігін атап өтті. Қазақстандық дипломат екі елдің конституциялық бақылау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тиісті меморандумға қол қоюды ұсынды.

Бас хатшы бұл ұсынысты қолдап, Қазақстанның Конституциялық кеңесі мен Индонезияның Конституциялық соты арасында, соның ішінде Азиялық конституциялық соттар және оған теңестірілген институттар қауымдастығы (AACC) және Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференция аясында сындарлы өзара іс-қимыл орнатылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Г.Хамза Қазақстан тарапын 2019 жылғы 4-6 қарашада Балиде өткізілуі жоспарланған Индонезия Конституциялық сотының 3-ші Халықаралық симпозиумына және AACC Кеңесінің отырысына қатысуға шақырды.

Қосылған : 21.08.2019, 12:40, Өзгертілген : 21.08.2019, 15:40