Индонезия Өңірлер өкілдері кеңесінің делегациясы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесіне қатысады

ДЖАКАРТА, 2019 жылғы 19 тамыз - Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезия Парламенті Өңірлер өкілдері кеңесінің спикері Усман Саптамен кездесті.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасын еліміздегі соңғы саяси және экономикалық өзгерістер туралы және Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы хабардар етті. 

Қазақстандық дипломат екі ел арасында  жоғарғы және жоғары деңгейлерде сенімді саяси диалог орнатылғанын атап өтті. Елші Қазақстан мен Индонезия - өз аймақтарындағы ең ірі мемлекеттер және экономикалар болып табылатындығын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда  дамыту үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. 

У.Сапта  2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» атты Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV-ші кеңесіне шақырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс білдіріп, Форумға Өңірлер өкілдері кеңесі делегациясының қатысуын растады. 

Қосылған : 19.08.2019, 15:35, Өзгертілген : 19.08.2019, 16:35