​Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 11-шы кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 11-шы халықаралық кездесу 2018 жылғы 28-29 қарашада орын алады.

Сіздерді 29 қарашада «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).

Аккредиттеу үшін 2018 жылғы 26 қарашаға сағат 14.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын, паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін және ресми бланкіде БАҚ басшысы/бас редакторының жазылған хатын «Syria Talks 11»тақырыбымен accreditation@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Қосылған : 26.11.2018, 10:00, Өзгертілген : 26.11.2018, 10:00