Қазақстанның Германиядағы Елшісі және «Air Astana» өкілдері ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

БЕРЛИН, 2019 жылғы 14 тамыз - Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Қәріпов «Air Astana» әуе компаниясының өкілдері – Өңірлер бойынша бас менеджері Сюсит Хеттихева және ГФР-дағы сату бойынша менеджері Юлиана Кионсекпен кездесті.

Кездесу барысында Елшілік пен «Air Astana» әуе компаниясы арасындағы ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу мүмкіндігі талқыланды.

Биыл «Air Astana» әуе компаниясының Қазақстаннан Германияға алғаш рет ұшқан рейстің ашылғанына 15 жыл толып отыр – 2004 жылы Қостанай – Гановер бағыты бойынша алғашқы рейс ұшты. 

Компания өкілдері герман журналистері үшін 2019 жылы күзде Қазақстанға пресс-тур ұйымдастыратыны, Германия аумағында өтетін туристік көрмелерге, оның ішінде Берлиндегі Халықаралық туристік жәрмеңкеге (ITB) қатысатыны туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, Қазақстан туралы тарихы, дәстүрі бай және сұлу табиғаты бар ел ретінде ақпараттандыру мақсатында герман туристік агенттіктерімен ынтымақтастық туралы да сөз қозғалды.

Жолаушылар ағынының айтарлықтай өскенін, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың нығайғанын ескеріп, Д. Қәріпов екі ел астаналары арасында тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Қосылған : 14.08.2019, 12:00, Өзгертілген : 14.08.2019, 12:00