Солтүстік және Латын Америкадағы ең ірі университетінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауы таныстырылды

МЕХИКО, 2019 жылғы 22 қазан - Қазақстанның Елшісі Андриан Елемесов Мексиканың Ұлттық Автономды университетінде «Қазақстан – Орталық Азияның көшбасшысы» атындағы конференция шеңберінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басты ережелері мен қағидаларын түсіндірді.

Аталған конференцияға университеттің басшылығы мен оқытушылар құрамы, саясаттану, әлеуметтану және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері, сондай-ақ жергілікті танымал БАҚ-тардың өкілдері қатысты.

Жолдаудың негізгі тақырыбы экономикалық өзгерістер мен жастарды әлеуметтік қолдау болғандықтан аудиторияның аса қызығушылығын тудырды. Университеттің Жоғары зерттеулер факультетінің директоры Мануэль Мартинез Хусто Мексика Қазақстан сияқты маңызды мемлекеттік және әлеуметтік реформалар кезеңінде болғандықтан, Жолдауда қозғалған мәселелер мексикандық қоғам үшін пайдалы екені туралы пікірін білдірді.

Қазақстандық дипломат пікірталас барысында нақты сұрақтарға толық ақпарат беріп, қатысушылармен Қазақстанның саяси құрылысын және жүргізіліп жатқан реформаларын талқылады.

Айта кетері, 400 мың студенті мен магистрі бар МҰАУ Солтүстік және Латын Америка бойынша ең ірі университеттердің бірі болып саналады.

Қосылған : 22.10.2019, 10:00, Өзгертілген : 22.10.2019, 10:00