Стокгольм қаласында Швецияда, Данияда, Норвегияда және Финляндияда тұратын отандастармен бизнес-форум өтті

2019 жылғы 21 қазанда Стокгольм қаласында Швецияда, Данияда, Норвегияда және Финляндияда тұратын отандастармен бизнес-форум өтті.
Іс-шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың және Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының Солтүстік Еуропадағы этникалық қазақтармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан осы елдерге тұрақты тұрғылықты кеткен отандастармен байланыстарды реттеу мен нығайту бойынша бағдарламасының бөлігі болып табылады. 

Іскерлік қатынастарды салудың жолдары туралы мүдделі және қарқынды пікір алысуға қазақ диаспораларының көшбасшылары және белсенділері, Қазақстанның Швециядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы Төрағасының орынбасары Арғын Оспанов, «Отандастар Қорының» жауапты жұмысшылары, резиденциясы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Швецияның Қазақстандағы тарихтағы тұңғыш Елшісі Манне Венгборг, Қазақстанның Даниядағы, Финляндияғы және Швециядағы құрметті консулдары қатысты. Сондай-ақ, форумға Солтүстік Еуропа елдерінде жұмыс істейтін қазақстандықтар, сонымен қатар жүнді қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығымен, агротуризммен және басқа перспективалық жобалармен айналысатын Түркістан мен Қарағанды облыстарынан бизнесмендер қатысты.

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы мен Қордың өкілдері өз қызметінің негізгі бағыттарымен, соның ішінде шетелдегі диаспорамен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды ұлғайту мен нығайту бойынша «Отандастар Қоры» негізгі жобаларының бірі болып табылатын «Қазақ үйі» деп аталатын қазақ мәдени-іскерлік үйі құрамына кіретін бүкіл әлемде іскерлік үй желілерін және мәдени орталықтарды құру бойынша жоспарлармен таныстырды. Орталықтар қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің, ұлттық брендтердің жетекшісі болуға, тілдің сақталуына мүмкіндік жасауға, сондай-ақ қазақстандық өнімді экспортқа ілгерілетуге жәрдем көрсетуге, бизнес-келісімшарттар жасасуға қатысуға, инновациялық және серпілісті жобаларды іске асыру үшін дарынды мамандар мен әріптестерді іздестіруді өткізуге бағытталған. 

Стокгольмдік бизнес-форум барысында қатысушылар өзара іс-қимыл тетіктерін, кіші, орта және ірі бизнес саласында бизнес-бастамаларды ынталандыруды, сондай-ақ стартаптарды қолдау мен дамытуды жан-жақты талқылады. Форумның қатысушылары Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен және өңірлерде бизнесті дамыту үшін құрылған жағдайлармен таныстырылды. Кездесудегі әр скандинавия елдері мен Финляндия жөнінде көп бағыттар бойынша өзекті және талап етілген іскерлік жобалардың кең мәселелер тобы белгіленді, соның ішінде баламалы энергия, ақпараттық технологиялар, құрылыс материалдарын өндіру, шикізатты қайта өңдеу, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және ғылым, соның ішінде түркітану.

Сонымен қатар, Қор ұсыныстарға ашық және тұрып жатқан жеріне қарамастан барлық қазақ диаспораларымен және қазақстандықтармен тығыз байланыста болуға дайын екенін белгіледі. Сондықтан, өзекті мәселелер бойынша консультация беретін және ақпараттық қолдау көрсететін отандастар мәселелері жөнінде арнайы Біріңғай байланыс-орталығы құрылды. Швециядағы бизнес-форум алтыншы іс-шара болды және үстіміздегі жылы 20 қыркүйекте Лондондағы бизнес-форумнан кейін өткізілді.

Бизнес-форумның барлық қатысушыларының көзінше Швециядағы қазақстандық жастар қауымдастығының Төрағасы Айдана Бекберген 2025 жылы қолжетімді болатын және ашылатын, тәжірибеде тұңғыш рет электрондық форматта отандастардың жас ұрпағына жолдаумен уақыт капсуласын салды. 

Қатысушылар делегация құрамында келген кәсіпкерлердің ұсыныстарына ерекше назар аударды. «Шымкент Кашемир» жүнді қайта өңдеу бойынша фабриканың құрылтайшысы және басшысы Шағанбек Қанжарбайұлы скандинавия елдерінде өнім өткізуді орнату жөніндегі ниеті туралы хабарлады. «Toksumak» бірегей эко-агро-ауылдың авторы Олжас Омаров бір жағынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының нығаюына мүмкіндік беретін, басқа жағынан этникалық қазақтардың репатриациясы үшін берік негіз құратын жобаларды дамытуға инвестицияларды тарту бойынша ұсыныс енгізді. 

Швед астанасында өткізілген іс-шара барлық әлем бойынша қазақ диаспоралары мен қазақстандықтардың табысты бірігуінің мысалы болады.

Қосылған : 22.10.2019, 09:05, Өзгертілген : 22.10.2019, 09:05