Өмірлік бағыт: Қазақстан мен Ресей екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған күнін атап өтті

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнаған күні қарсаңында Ресей Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде болып қайтты. Ағымдағы жылдың 22 қазанында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнату 27 жыл толады. 

Әріптестермен кездесу Қазақстан мен Ресейдің екі жақты ынтымақтастығына арналған мұражаймен танысудан басталды. Қонақтар экспонаттарды қызығушылықпен қарап шықты. Біздің мұражайға сыйға тартылған Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жеке қолтаңбасы басылған хоккей таяғы және Борис Ельциннің Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынған "Святой апостол Андрей Первозванный" орденінің дәл көшірмесі меймандарға ерекше әсер қалдырды. Дипломаттар сонымен қатар интерактивті стендтерге, мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы туралы құжаттар, фотосуреттер мен бейнематериалдар бар сенсорлы экрандарға, ғарышты игеру саласындағы бірлескен жұмыстарға арналған жәдігерлерге аса назар аударды. 

"Өкінішке орай, мен мұражайға бірінші рет келдім, ертерек келу керек еді. Ол біздің көпжақты ынтымақтастықтың барлық аспектілері туралы мәлімдейді. Бұрын мен мәдениетке кәсіби түрде араласатынмын, мұражайлар қалай дұрыс ұйымдастырылуы керек екенін білемін. Сіздің мұражай тамаша. Ұсынылған жәдігерлер бүгінде бақытты өмір сүріп жатқан біздің стратегиялық серіктестік қатынастарымызды орнатуға үлкен үлес қосады. Мұражайға мүмкіндігінше көп адамдар келуі өте маңызды, әсіресе балалар, студенттер. Олар өздері үшін достықтың орыс және қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екенін сезініп, түсінуі қажет", – деп өз пікірімен бөлісті Ресей-Қазақстан демаркация комиссиясының жетекшісі Амир Билялетдинов. 

Достық кездесу шай дастарханында жалғасты, оның барысында дипломаттар бір-бірін Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнаған күнімен құттықтады. Ресей Федерациясының СІМ ТМД үшінші департаменті директорының Қазақстан Республикасы бойынша орынбасары Сергей Анненков, осы жылы біз атап өтетін күн екі ел арасындағы қарым-қатынастарымыздың қаншалықты сәтті дамып жатқандығын талдауға тағы да бір себебі бар екенін атап өтті. 

"Мен елдеріміздің арасындағы қатынастарды дамыту ісімен бұрыннан айналысып келемін. Біз мұны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірге күн сайын дерлік жасаймыз. Біз тек талдап қана қоймаймыз, біз күш-жігерімізді проблемалық мәселелерге жұмылдыруға, өзара қолайлы шешімдерді табуға тырысудамыз, осылайша елдеріміз жақындасып, бізді тарихи байланысымыз одан әрі нығая түседі. Бұл үрдіс одан әрі дами беретініне толық сенімдімін", – деп қорытындылады дипломат.

Қосылған : 22.10.2019, 10:30, Өзгертілген : 22.10.2019, 15:30