АХҚО инвестициялық мүмкіндіктері Испанияның іскер топтарына таныстырылды

МАДРИД, 2019 жылғы 21 қазан - Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған испандық 20 компанияның қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

АХҚО стратегиялық мәселелер жөніндегі директоры және академиялық кеңесінің төрағасы А.Ван де Путт орталықтың қызметі мен оның инвестициялық әлеуеті, негізгі қорытындылары мен алдағы даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстанның тұрақты дамуындағы, соның ішінде айналымдағы экономика, физикалық, цифрлық инфрақұрылым, ШОБ әлеуетін, туризмді және басқа да бірқатар секторларды арттырудағы АХҚО рөлі ерекше атап өтілді.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған АХҚО елдің маңызды стратегиялық жобаларының бірі болып табылатынын атап өтті.

Биыл стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жылдаҚазақстан мен Испания арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.  Испан серіктестерінің назары жергілікті мазмұнменқосымша құн құрумен бірлескен өндірістер құру шарттарының тартымдылығына баса назар аударылды.

Қазақстандық нарықта жұмыс істеп жатқан немесе ҚР-да нақты жобаларды іске асыруға қатысуды жоспарлап отырған бірқатар испан компанияларымен, Airbus Defense & Space, Maxam, Danobat (Grupo Mondragón), CAF, Acciona Infraestructura, Mercasa, Grupo TSK, Grupo Anka, Indra, ES-KZ Global, Gratil, Credilex, Blue Portfolio, экспортерлер мен инвесторлар клубы және т.бмүдделі пікірталас өттіИспан және еуропалық компаниялардың қатысуымен ірі жобаларды қаржыландыруға Испаниядағы ірі Santander банкінің өкілдері қызығушылық тудырды.

Испан іскер топтары тарапынан көрсетілген қызығушылықты ескере отырыпАХҚО өкілдері жобаларды құрылымдауда«жобалық компанияларды» (SPV) құруда мүмкіндіктермен таныстырдыӨзекті байланыстарды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Испан серіктестеріне бүгінгі таңда АХҚО-ның ағылшын құқығы негізінде әрекет ететін жеке заңнамасы қалыптастырылып, қажетті инфрақұрылым дайындалғаны жеткізілді. АХҚО соты мен халықаралық төрелік орталығында әлемнің кез келген нүктесінен электрондық түрде арыз беруге мүмкіндік беретін электрондық сот төрелігінің жүйесі іске қосылды. АХҚО (AIX) биржасы Ұлыбританияның танылған салық және кеден қызметінен биржа мәртебесін алды. АХҚО GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 102-ден 51-ші орынға көтерілді және «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағының рейтингісінде 1-ші орынға ие болды.

Қосылған : 21.10.2019, 21:45, Өзгертілген : 21.10.2019, 21:45