Бірлескен Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссия туралы


2019 жылғы 14-18 қазан кезеңінде Алматы қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Тараптар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның Қарақалпақстан арасындағы учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын әзірледі.

Кездесу барысында 160 шекаралық бағанадан тұратын шекара белгілері хаттамаларының жобалары, сондай-ақ бұл шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктерінің каталогы дайындалып, қол қойылды.

2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстарды жүзеге асыру уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы ахуалда өтті.

Қосылған : 18.10.2019, 13:00, Өзгертілген : 18.10.2019, 13:00