Қазақстан Елшісі Доминикан Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды


САНТО-ДОМИНГО, 2019 жылғы 10 қазан - Қазақстанның Елшісі Андриан Елемесов салтанатты рәсім барысында Доминикан Республикасының Президенті Данило Медина Санческе сенім грамоталарын тапсырды. Рәсімге Доминикананың Сыртқы істер министрі Мигель Варгас және осы Кариб елінің басшы топтарының өкілдері қатысты.

Жылы достас қалпында өткен кездесу барысында Елші Доминикан басшысына екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін барынша күш-жігер салатынына сендірді. Қазақстандық дипломат бар елеулі әлеует біздің елдерімізге өзара тиімді байланыстарды тереңдету және кеңейту мүмкіндіктерін оңтайлы қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Д. Медина Санчес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін айтып, Елшіге дипломатиялық миссиясында табыс тіледі. Президент Санто-Домингоның Қазақстанмен өңірлік көшбасшы ретінде достық қарым-қатынасқа мүдделі екенін, сондай-ақ екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша екіжақты диалогты дамытуға үміт артатынын атап өтті. Екі елдің туристік саладағы әлеуетін ескере отырып, екі ел азаматтарының өзара сапарларының визалық тәртіпті жою туралы қол қоюға жоспарланған келісімнің маңыздылығы ерекше атап өтілді, бұл түрлі бағыттар бойынша байланыстарды жандандыру үшін кең мүмкіндіктер ашады.

Қосылған : 14.10.2019, 13:40, Өзгертілген : 14.10.2019, 13:40