Қазақстан Елшісі Утенаға сапар жасады

Қазақстанның Елшісі Виктор Темірбаев Литваның Утена аймағына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық дипломат уездің және қаланың әкімі А.Котинаспен кездесіп, Балтық мемлекетеріндегі ең ірі ет комбинаты «Utenos mеsa» («Biovela» компаниясы) зауытында, «Utenos trikotažas» аймақтағы ең ірі тоқу фабрикасында, сондай-ақ Мишкиняй қалалық кітапханасында болды .

Кездесулер барысында Литваның ең көркем және тарихи аймақтарының бірімен Қазақстанның облыстарымен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді, сондай-ақ нақты экономикалық және мәдени жобалар талқыланды.

Кітапханаға келген Елші оның қорына Қазақстан туралы ақпараттық әдебиеттердіоның ішінде литвалық тіліндегі қазақ ертегілерінің жинағын сыйға тартты

УтенаЛитваның ең ірі қалаларының тізіміне кірмегеніне қарамастанБалтық жағалауындағы бірқатар ірі өндіріс орындары шоғырланған.

Мәселен, «Biovela» компаниясы және оның «Utenos mesa» ет өңдеу фабрикасы жылына 135 миллион еуродан асатын 53 мың тонна ет өндіредіКомпания McDonald's және Hesburger сияқты ірі брендтермен жұмыс істейді.

«Utenos trikotažas» трикотаж фабрикасы жылына құны 28 миллион еуродан асатын 70-80 тонна мата шығарадыал компанияның «About» бренд өзінің жоғары сапасымен бүкіл Еуропаға танымал.

Қосылған : 4.10.2019, 09:00, Өзгертілген : 4.10.2019, 09:00