Қазақстанның Елшісі Гуджаратта Үндістанмен екіжақты қатынастарды талқылады

2019 жылғы 7 қарашада Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев елдің ірі штаттарының бірі - Гуджаратқа жұмыс іс-сапармен барды. Аталған штатты аграрлық әлеуетімен сондай-ақ Үндістанның «GIFT city» алғашқы Халықаралық Қаржы Орталығымен танымал.

Қазақстандық дипломат Гуджараттың Бас министрі Виджай Рупанимен кездесіп Гужарат Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен және бірқатар жетекші компаниялармен келіссөздер өткізді.

Атақты әрі ірі теледидар агенттіктерінің бірі – «Дурдаршан», «Гужарат ТВ» және Үндістанның жетекші басылымдарына «Таймс оф Индия» сұхбатында Елші Е.Әлімбаев екіжақты қатынастардың жағдайы мен перспективалары және оларды жандандыру жолдары, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі ережелері туралы кеңіне баяндалды.

Іссапар нәтижесінде Қазақстанның Мумбай және Гандинагар қалаларындағы ҚР Құрметті консулдарымен, сондай-ақ Үндістандағы «Kazakh Invest» өкілдігімен бірге Махараштра және Гуджарат штаттарында еліміздің экономикалық мүдделерін ілгерілету бойынша нақты шаралар белгіленді.

Қосылған : 7.11.2019, 22:35, Өзгертілген : 7.11.2019, 22:35