Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Рияд келісіміне қол қойылуына байланысты Мәлімдемесі


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Йемен Үкіметі мен Оңтүстік Өтпелі Кеңестің арасындағы «Рияд келісіміне» қол қойылуын құптайды және бұл уағдаластықтарға қол жеткізудегі Сауд Арабиясы Корольдігінің маңызды рөлін жоғары бағалайды. 

Қазақстан бұл құжат өңірдегі ахуалды тұрақтандыруда және Йемендегі дағдарысты бейбіт саяси жолмен шешуде маңызды қадам болады деп үміт білдіреді. 

Қосылған : 7.11.2019, 16:05, Өзгертілген : 7.11.2019, 16:05