ҚР-дың ЭЫДҰ-ның Дамуға жәрдемдесу комитетімен ынтымақтастығы

     ҚР-дың ДРК саласындағы жаһандық диалогқа және үйлестіруге қатысуының маңыздылығын ескере отырып, донор-елдердің негізгі және жалпыға ортақ клубы болып табылатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Дамуға жәрдемдесу комитетімен (ДЖК) ынтымақтастықты орнату және оны тереңдету басым бағыттардың бірі болып табылады. 

2015 жылғы шілдеде ЭЫДҰ Кеңесінің шешімі бойынша Қазақстанға ресми «шақырылған» мәртебесі берілді. 

Қол жеткізілген мәртебеге сәйкес, ҚР СІМ, ЭЫДҰ-ның аталған құрылымдық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс органы ретінде бүгінгі күні 2013-2018 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерге көрсеткен көмегі туралы ДЖК-ге алты жинақталған статистикалық есеп берді. 

Екі жақты және көпжақты арналар арқылы, соның ішінде гуманитарлық көмекті қоса алғандағы аталған көмектің жалпы көлемі 2013 жылы - 20,1 млн. АҚШ долл., 2014 жылы - 46,4 млн. АҚШ долл., 2015 жылы - 54,1 млн. АҚШ долл., 2016 жылы - 38 млн. АҚШ долл., 2017 жылы – 43,3 млн. АҚШ долл., 2018 жылы – 54,92 млн. АҚШ долл. құрады.  

2018 жылғы 19-21 қарашада Францияда өткен ЭЫДҰ Еуразия апталығы аясында қазақстандық ДРК жүйесін дамыту бойынша тармақтары қарастырылған, соынмен қатар «KazAID» халықаралық дамуға жәрдемдесу қазақстандық операторды құруға жәрдемдесу ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ өзара түсіністігі туралы Меморандумға қол қойылған.

Аталған мәліметтер ДЖК-нің онлайн ресми ресурсында https://stats.oecd.org/Index.aspx?DataSetCode=CRS1#, сонымен қатар ДЖК-нің даму саласындағы ынтымақтастық туралы «Development Co-operation Report» жыл сайынғы есебінде жариялануы ҚР-дың донор-ел ретінде халықаралық қауымдастық алдында ресми танылуы болып табылатынын атап өткен жөн. 

Қосылған : 30.10.2019, 18:05, Өзгертілген : 30.10.2019, 18:05