Елші

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАЖАРСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

Жәнібек Жарасқанұлы ӘБДРАШОВ


1977 жылы 6 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.
Еңбек жолын ҚР СІМ Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің юрисконсульт және сектор меңгерушісі лауазымынан бастаған. 2004 жылы Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2006-2010 жылдар аралығында Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.
2010 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің орынбасары, содан кейін 2014 жылы басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2017 жылғы қарашадан бастап Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулы болып жұмыс істеді.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген.

Үйленген, 4 баласы бар.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 7.11.2016, 14:34