Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан Еуропалық Кеңестің Президенті Дональд Тускқа сенім грамоталарын тапсырды

2019 жылғы 24 қаңтарда Брюссельде Қазақстан Республикасының Елшісі Айгүл Құспан Еуропалық Кеңестің Президенті Дональд Тускқа сенім грамоталарын тапсырды.

Ресми рәсімінен кейін Қазақстан-Еуропа қарым-қатынастарының қазіргі ахуалымен болашақперспективалары туралы пікір алмасылды.

Д.Туск «Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақсы досы» екенін атап өтті.«Біз Қазақстан Президентінің халықаралық істердегі рөлін, соның ішінде Сирия бойынша Астана процесінің аясында бітімгершілік күш-жігерін жоғары бағалаймыз», - деді ол.

Тараптар Мемлекет басшысыныңБрюссельде «Еуропа-Азия» 12-ші форумы аясында айтқан бастамасын талқылады.Бұл бастама халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылау үшін Астанада БҰҰ-ның арнайы сессиясын немесе АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ көшбасшыларының қатысуымен кездесуді өткізуді қарастырады.

Еуропалық Кеңестің Президенті: «ЕО - Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Қазақстан өзінің географиялық жағдайы арқасында ғана емес, сондай-ақ Президенттеріңіздің зор қуаты нәтижесінде, аймақта стратегиялық рөл атқарады. Сондықтан біз ынтымақтастықты дамытуымыз керек», деп айтты.

А.Құспан еліміз Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісіміне үлкен үміт артып отырғанын атап өтті. Аталған келісім ең алдымен жоғары технологиялық өндірістер арқылы сауданы және инвестиция көлемін айтарлықтай арттыруға, экономикалық өсімін күшейту үшін жаңа жұмыс орындар ашуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынын мәлімдеді.

Еуропалық Кеңестің Президенті Президент Н.Назарбаевқа өзінің ең жақсы тілектерін жеткізді және Қазақстанға сапармен баруға ниет білдірді.

Ескертпе: ЕО біздің еліміздің ең ірі сауда әріптесі болып табылады. 2017 жылы ЕО елдерімен сауда айналымы 30 млрд. АҚШ долларын құрады, ЕО-ң Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы үлесі 49,8% құрады. Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сауда айналымы 28,56 млрд. долларын құрады.

2017 жылы Еуропалық Одақтың Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялары 9,8 млрд. долларға жетті, бұл елге тартылған инвестициялардың жартысы болып табылады.

pornliz suckporn porndick pornstereo
Қосылған : 24.01.2019, 21:05, Өзгертілген : 24.01.2019, 21:05