​Қазақстан Елшісінің ЕСІҚ Бас хатшысы Х. Шмидпен кездесуі туралы

2019 жылғы 30 сәуірде Брюссельде Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы Елшісі Айгүл Құспан Еуропалық сыртқы істер қызметінің Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. 2015 жылғы желтоқсанда қол қойылған Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді тиімді іске асыруға ерекше назар аударылды.

Дипломаттар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда, ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы, Сирия бойынша Астана процесі және Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары бойынша пікір алмасты.

Қосылған : 30.04.2019, 17:55, Өзгертілген : 30.04.2019, 17:55